"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Бауман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Бауманское отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"


«    Наурыз 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақорда

Егемен Қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. Оның құрамындағы ең басты туынды – Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.

Резиденция қала құрылысы ансамблінің композициялық және мазмұндық орталығы болып саналады. Астана сәулеттік кешенінің басты өзегін құрайтын негізгі орындары ретінде «Хан Шатыр» – «Бәйтерек» – «Ақорда» – «Бейбітшілік және келісім сарайы» – «Қазақ Елі» монументі бой көрсетеді. Сәулеттік ансамбльдің композициялық өзегі  Ұлы даланың дәстүр сабақтастығының сақталуы идеясын, еуразиялық толеранттылық мәдениеттің жалғасуын және бүгінгі әлемдік өркениет биігіне ұмтылған қуатты Қазақстанның жасампаздығын нақтылы түрде айшықтап көрсетеді.

Ақорда – ел дамуының жаңа философиясының көрнекі бейнесі. Резиденцияның символикалық және функционалдық бағыты  өзінің толық кескінін қасбеттер мен ішкі көріністердің рәсімделуінен – олардың мәнер-стилистикасы мен түсіне қатысты шешімдерінен тапты. Еуропалық сәулет өнеріне тән дәстүрлі шешім ғимаратта жаңа мазмұнмен толыққан. Ақорда түпкі ой мен оның іске асырылуы жөнінен Қазақстан тәуелсіздігінің көркем бейнесін білдіреді. Қазақы және шығыстық мотивтер сарайдың сәулеткерлік жасау-жиһаздарында шеңберлер мазмұны және ою-өрнекті декор арқылы көрініс тапқан. Авторлық жобаның айрықша өзгешелігі, эксклюзивті ерекшелігі – резиденцияға көркемдік тұтастық беретін қазақ бейнелеу өнерінің бірегей жиынтығы. Метафорикалық тұрғыдан ол еуропалық мәдениет өрісіндегі далалық өркениетті, ғаламшардағы ірі құрлық – Еуразия өнерінің синтезін  көрсетеді. Сыртқы келбет пен ішкі көріністің эстетикалық жүйесінің өзі дәстүрлі еуропалық сәулеткерліктің ойланып жасалған озық үлгілерінен келіп шығады. Резиденцияда көрініске қойылған қазақстандық суретшілердің туындылары Қазақстан өзін әлемде ұлы өркениеттер мәдениетін тоғыстырушы мемлекет ретінде көрсете отырып, мақтаныш тұтатын Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің қажетті балансын құрайды.

Резиденция құрылысы 2001 жылы басталды. Авторлар алдында даму үстіндегі елдің қуаты мен қарқынын білдіретін қайталанбас бірегей кешен құру міндеті тұрды. Жоба жұмысын Еуропа мен Қазақстанның белгілі сәулетшілері жүргізді. Олардың қатарында еуропалық әйгілі дизайнерлер М.Гуалаци мен А.Мольтени бар. Ішкі көріністі ұлттық мәнерде орындау академик Қ.Монтақаевтың кеңесімен жүргізілді. Аса маңызды мемлекеттік нысанды салу үшін 26 ұлт өкілдері және әлемнің ондаған елінің мамандары мен жұмысшылары еңбек етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері   2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр. Ғимарат құрылыстағы ең соңғы заманауи әдістер мен озық инженерлік құрылғыларды қолдану арқылы монолиттік бетоннан тұрғызылды. Үшкір төбесімен қоса алғандағы ғимарат биіктігі – 86 метр. Ғимарат жер үстіндегі бес қабатты және жер астындағы екі қабатты үйден тұрады. Бірінші қабаттың биіктігі 12 метрге тең.

Сәулет ансамблінің бөлінбейтін құрамдас бөлігі – сыртқы абаттандырылуына да айрықша көңіл бөлінген. Ақорда алдындағы алаң көше беттегі негізгі қасбеттің сән-салтанатты сипатын аша түседі. Субұрқақ пен гүлдер аллеясы да салтанатты көрініс тудырады. Кіре беріс және асфальтты жолдар, шағын сәулеткерлік нысандар, автотұрақ аймақтары  композицияға нұқсан келтірместен өз орындарын тапқан. Аумақ шырағдандары бар декоративті дуалмен қоршалған.

Мемлекет басшысы резиденциясының атауында терең мағына бар.  Тікелей аударғанда «Ақорда» кәдімгі «ақ орда» («белая ставка») дегенді білдіреді. Резиденцияның қасбеттері мен ішкі көріністерінің түстеріне қатысты шешімде ақ түс пен ашық реңктер басым. «Ақ» сөзі түркілік мәдениет семантикасында ең алдымен қасиеттілікті (киелілікті) білдіреді.  Бұл ұғым – шаттық пен сәттіліктің, шынайылық пен мәрттіктің, ар-ұят пен жақсылықтың нышаны. Ақ түстің бай символикасы Ақорданың сәулеткерлік келбетінде көрініс тапқан. Бұл, ең алдымен, оның негізгі ішкі көріністерінің колористикалық шешімі. Ең негізгі, басты түс ретінде ақ түс өзінің табиғи  аппақ түсінен піл сүйегінің түсіне дейінгі көптеген реңктер түрінде кездеседі.

Алтын, көк және жасыл түстер қосымша колористикалық жүк арқалап тұр.   

Резиденцияның барлық залдарында ерекше ішкі жасаулар, аспалы шамдар және жиһаздар бар. Едендер мәрмәрдің, граниттің және көркем паркеттің  алуан түрімен апталған.

Бірінші қабатта көлемі 1 800 шаршы метр Орталық салтанатты холл орналасқан. Ол құрметті қарауылдың қатысуымен өтетін ресми қабылдауларға арналған. Холдың ортасына зәулім күмбезді хрусталь аспалы шам ілінген.

Сонымен қатар, бірінші қабатта Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдаулар өткізуге арналған Салтанат залы,  Мемлекет басшысының БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы және кездесулер өтетін зал, сондай-ақ Қысқы бақ орналасқан.

Екінші қабатта қызметтік бөлмелер бар.

Үшінші қабатта мынадай залдар орналасқан:

- Шығыс залы киіз үй түріне орайластырылып, мәрмәр мен гранитпен безендірілген.

- Мәрмәр залы Қазақстан Республикасының Президенті мен шетел мемлекет және үкімет басшыларының ресми сапарлары мен саммиттерінің барысында құжаттарға қол қоюға арналған. Осы залда Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттер елшілеріне сенім грамоталарын тапсыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен және құрметті атақтарымен марапаттау рәсімдері өтеді.          

- Алтын зал Қазақстан Республикасы Президентінің шетелдердің мемлекет және үкімет басшыларымен шағын құрамда келіссөздері мен кездесулері, Мемлекет басшысының шетелдік делегациялармен, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттер елшілерімен кездесулері мен әңгімелесулерін өткізуге арналған.

- Доғал зал Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі делегациялармен келіссөздер және Мемлекет басшысының шетелдік делегациялармен, шетелдік іскер топтар өкілдерімен кездесулері мен әңгімелесулері үшін пайдаланылады.

- Қонақ бөлме Қазақстан Президентінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін шет мемлекеттер елшілерімен әңгімелесуіне арналған.

- Кеңейтілген келіссөздер залы Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі делегацияларымен келіссөздер өткізуіне арналған.

- Қауіпсіздік кеңесінің залы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізуге арналған.

Төртінші қабатта мынадай залдар орналасқан:

- Күмбезді зал Мемлекет басшысының жоғары деңгейдегі кеңестер, Қазақстан Президентінің министрліктер мен ведомстволар, партиялар, қозғалыстар мен елдің шығармашылық өкілдерімен кеңестер, Қазақтан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын өткізу үшін пайдаланылады. 

- Отырыс залы Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметпен, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, облыстар және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен, министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кеңестер, сондай-ақ Мемлекет басшысының республиканың іскер топтар өкілдерімен кездесулерін өткізуге арналған. 

- Келіссөздер залы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының, ҚР Президенті көмекшісінің шетелдік делегациялармен, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттер елшілерімен, шетелдік іскерлік топтар өкілдерімен кездесулері мен әңгімелесулері үшін пайдаланылады.  

- Кітапханада кітаптардың бірегей коллекциясы жинақталған.

Астыңғы қабаттарда түрлі техникалық қызметтер, гараж, асүй мен асхана орналасқан.

Жалпы, Ақорданың ішкі сәулеті мен безендірілуі Қазақстанның заманауи мемлекеттік стилін көрсетеді. Бұл стильдің негізі  тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қаланған және бүгін де өзінің негізгі бағыттары – мемлекеттік символикада, билік белгілерінде, ресми униформаның пішімінде, ұлттық валютада сақталған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясы біздің еліміздің ең маңызды және танымал символдарының бірі мәртебесін иеленген. 

Ақорда бойынша бейне тур

Жаңартылған күні: 31.08.2016 16:57
Құрылған күні: 31.08.2016 17:40

Текст