"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Бауман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Бауманское отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"


«    Сәуір 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары 2 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады: 1) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымының кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымына не порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күні. 2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минутты құрайды; 3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. 4 Қамтамасыз ету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқасы не бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сұрау салуда көрсетілген мекенжай бойынша алынады. Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіру тәсілдері Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. 7 Жұмыс уақыты 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; Өтініш қабылданады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін беріледі. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. 2) Мемлекеттік корпорация: еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі асқа үзіліссіз. 3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері хабарласқан кезде); өтініштер қабылданады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі келесі жұмыс күні беріледі). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мыналар бойынша орналасқан: 1) Министрліктің интернет-ресурсы: www.edu.gov.kz; 2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсы: www.gov4c.kz; 3) портал: www.egov.kz. 8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) өтініші; 2) студенттің туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (төлқұжат) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 3) тегін (атын, әкесінің атын (болған жағдайда) және (немесе) білімі туралы құжаттың бүлінгенін) өзгерткен кезде білімі туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттар туралы ақпаратты «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды. порталға: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе куәландырылған бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; тіркелген және ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін портал шотына қосқан жағдайда . 9 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер.

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаңартылған күні: 25.03.2022 19:09
Құрылған күні: 25.03.2022 19:09

Текст