9 сынып
НҰСҚА 2
1.Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.
A) Тойған қозыдай.
B) Әдет-ғұрып.
C) Құрметті қонақ.
D) Үйлену тойы.
E) Сәлем берді.
2.Кейінді ықпалды белгілеңіз.
A) Мектебі.
B) Туыстары.
C) Елтаңба.
D) Немеренің.
E) Сүттен.
3.Көп нүктенің орнына тиісті көмекші есімдерді қойыңыз.
Ақылдының ... , ақымақтың ... жүр.
A) Алдындағы, қасындағы.
B) Жанына, ішіне.
C) Үстінің, қасының.
D) Сырты, іші.
E) Алдымен, артымен.
4.Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Аяқтаса.
B) Түсіндіргісі келеді.
C) Жасаған еді.
D) Айналысады.
E) Тігіп жатыр.
5.Неологизмді анықтаңыз.
A) Күміс.
B) Мектеп.
C) Әнұран.
D) Кілем.
E) Бүркіт.
6.Тұрақты
тіркесті табыңыз.
A) Ит өлген жер.
B) Жасыл дала.
C) Жазғы
табиғат.
D) Қызыл өрік.
E) Алыс жер.
7.Одағай
сөз арқылы жасалған лепті сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ғылымды кітаптан
үйрену керек.
B) Білмеген нәрсеңді
білетін адамнан сұра.
C) Ойпырым-ай, баланың
мінезі қандай жаман еді.
D) Көктемде дала жасыл кілем сияқты.
E) Оқу-инемен құдық
қазғандай.
8.Астан соң айтылатын сөзді белгілеңіз.
A) Амандасу.
B) Бата
C) Дұға.
D) Ән.
E) Өлең жолдары.
9.Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.
A) Қыдырып жүрмін.
B) Қыдырғанбыз.
C) Қыдырармыз.
D) Қыдыртпақ.
E) Қыдыратынбыз.
10.Салалас құрмалас сөйлем түрін табыңыз.
Қазақ отбасында әкені сыйлауға
үлкен мән беріледі де, бала әкесін сыйлап өседі.
A) Себеп-салдар
салалас.
B) Қарсылықты
салалас.
C) Кезектес
салалас.
D) Талғаулы салалас.
E) Ыңғайлас
салалас.
11.Сабақтас
құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Оқу басталғалы, бұлар
жиі сөйлесіп жүр.
A) Шартты
бағыныңқылы.
B) Қарсылықты бағыныңқылы.
C) Себеп
бағыныңқылы.
D) Мезгіл
бағыныңқылы.
E) Мақсат бағыныңқылы.
12.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Көрші болып
отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді.
B) Бүкіл жайлау
елінен, қырдан қонақтар келе бастады.
C) Қаздар,
үйректер жылы жаққа ұшып кетті.
D) Оған аудармашы
болу қиын, дегенмен қызмет атқарып жүр.
E) Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр
13.Қатыстық сын есімді белгілеңіз.
A) Сұр.
B) Семіз.
C) Жылы.
D) Таулы.
E) Суық.
14.Үш түбірден біріккен сөзді белгілеңіз.
A) Көкшетау.
B) Ақтау.
C) Жезқазған.
D) Қызылорда.
E) Екібастұз.
15.Тұйық етістікті табыңыз.
A) Жетеу.
B) Сұлу.
C) Тату.
D) Жаттау.
E) Дау.
16.Жалқы есімді анықтаңыз.
A) Адамгершілік.
B) Ақтау.
C) Аспан.
D) Адалдық.
E) Адам.
17.Қимыл-сын үстеуді белгілеңіз.
A) Ілгері.
B) Емін-еркін.
C) Бекерге.
D) Әдейі.
E) Қыруар.
18.Етіс түрін анықтаңыз.
Тоқсандық бағалар
қойылды.
A) Ырықсыз
B) Өздік
C) Ортақ
D) Өзгелік
E) Тұйық
19.Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.
A) Ащы.
B) Үлкендеу.
C) Өте әдемі.
D) Қып-қызыл.
E) Биік.
20.Жалпы зат есімді көрсетіңіз.
A) Қамажай.
B) Ы.Алтынсарин.
C) Жазушы.
D) Ө.Тұрманжанов.
E) Қарағанды.