Күні :
14.03.2017
Сынып : 4 сынып
Пән мұғалімі : Сапарбеков А.Е.
Сабақтың
тақырыбы: Мен не
білемін?
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың
өткен сабақтардағы білімдерінің толыққанды, жүйелі болу мақсатында, өз
білгендерін қорытуды,бекітуді үйренеді.
Күтілетін
нәтиже: Спортшылар және
хайуанаттар бағы тараулары жайлы білімдерін бекітеді, топтық жұмыс арқылы жылы
қарым-қатынас орнатады, ауызекі тіл мен жазба тілдерін дамыта алады.
Сабақ
түрі: Сайыс сабақ.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа сәйкес әр түрлі
көрнекіліктер. ТСО,мадақтау қағаы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:өзін-өзі бағалау, жұптық жұмыс,
сұрақ-жауап,топтық жұмыс тб.
Пәнаралық
байланыс : Орыс тілі,ағылшын тілі
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
-Сәлемдесу;
-Оқушылардың
сабаққа дайындығын тексеру;
-
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру;
-Сабақтың
мақсатын айту;
-Табыс
критерийлерімен таныстыру;
-Бағалау
парақтарын тарату;
-Топқа
бөлу;
Оқушыларға
қима қағаздар таратылады. Ол қағаздардан аққу мен бүркіттің суреттері шығады.
Аққуды жинағандар «Аққу» тобы, бүркітті жинағандар «Бүркіт» тобы болып
екіге бөлінеді.
Мұғалім
осы аққу мен бүркіт туралы оқушылардың білетін білімін сұрап, шағын
мағлұмат береді.
Ал,
балалар топқа бөліндік. Енді «Аққу» және «Бүркіт» тобы болып жарысқа
түсеміз.
І-айналым.
«Ұшқыр ой». Блиц турнир.
Өткен
сабақты қайталау . Әр топқа бес сұрақтан қойылады.
ІІ-айналым "Сөз мәйегі - мақал"
Әр
топқа мақал-мәтелдерді жалғастырып оқу және дәптерлеріне жазып алу
тапсырылады.
1.Туған
жердей ...........
2.Ас
атасы -..............
3.
Отансыз адам ...............
4.
Бірінші байлық .................
5.Аң
патшасы ...................
6.Жігітке
........................
7.Көз
қорқақ ......................
8.
Қарға баласын ............................
ІІІ-айналым. Тест жұмысы. Екі топқа 10 сұрақтан тұратын тест сұрақтары таратылады.
Оқушылар 3 минуттың ішінде жауап беруі тиіс.
Тест
жұмысы
1.Жансая
Әбдімәлік кім?
А) шаңғышы
Ә) шахматшы
Б)
мәнерлеп сырғанаушы
2.
Самат Смақов кім?
А) шаңғышы
Ә)
футболшы
Б)
мәнерлеп сырғанаушы
3.
Алексей Полторанин кім?
А) шаңғышы
Ә) футболшы
Б) мәнерлеп сырғанаушы
4.
Серік Сәпиев кім?
А) боксшы
Ә) футболшы
Б) мәнерлеп сырғанаушы
5.
Александр Винокуров кім?
А) боксшы
Ә) футболшы
Б) велоспортшы
6.
Ақжүрек Таңатаров қай спорт түрімен айналысады?
А) бокспен
Ә) күрес спортымен
Б) велоспортпен
7.Переведи
слово «гусь»
А) қаз
Ә) үйрек
Б) тауық
8.
Переведи слово «аққу»
А) қаз
Ә) шаңғы
Б) лебедь
9.Переведи
слово «кружок»
А) қаз
Ә) шаңғы
Б) үйірме
10.Переведи
слово «вкус»
А) дәм
Ә) шаңғы
Б)
үйірме
ІV-айналым.
«Сөз ойла, тез ойла»
деп аталады. Бұнда екі топқа екі ұзын сөз беріледі мысалы: «Қанағаттанған»,
«Қазақстандық» әр топ бір сөзден бірнеше сөз тауып жазу керек.
Сергіту
сәті.
V-айналым.
«Елші» деп аталады. Әр топқа бес сөзден беріледі сол сөздерді
оқушылар орыс тіліне және ағылшын тіліне аудару керек.
«Аққу»
тобына; арыстан, жолбарыс, керік, аю, піл.
«Бүркіт»
тобына; қаз, үйрек, аққу, тауық, әтеш.
VI-айналым.
Сабақты бекіту. Бағалау
парақтары бойынша топты және әр оқушы өзін бағалайды. Табыс критерийлері
бойынша өздерін бағалап шығады.
Үйге
тапсырма. Еркін
тақырыпта 5 мақал жаттау.
Рефлексия. Оқушылар сабақтың ұнаған не
ұнамағандығын стикерлерге жазып іледі.
Бағалау:Сабаққа
белсене араласқан топты мадақтау қағазымен марапаттап,бағалаймын.